Қаржы көп, нәтиже жоқ!

Бүгін Асанада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен кеңейтілген отырыс өтті.

Оған отандық спортқа жауапты мамандар түгелдей дерлік жиналды. Әсіресе, аймақтардан келген спорт басқармалары басшыларымен біраз түйіткіл талқыланды.

Оның ішінде резерв дайындығы, жаттығу барысы, допингпен күрес, спорттық медицина, инфрақұрылым және спортшылар мен бапкерлердің әлеуметтік жағдайы айтылды.

Жиында алдағы Париж олимпиадасына дайындыққа ерекше ден қойылды. Өйткені, байрақты бәсекенің басталуына аз уақыт қалды. Қазір ұлттық команданың қоржынында 17 жолдама ғана бар. Оның жалпы санын 100-ден асыру жоспарланып отыр. Ол үшін алдағы лицензиялық турнирлерге тыңғылықты дайындалуы керек. Оған құзырлы министрлік пен жауапты федерациялар ғана емес, әр аймақтың спорт басқармалары да бірлесе асталысқаны жөн деді Ермек Маржықпаев.

Азамат Имашев, ҚР ТСМ Спортты дамыту дирекциясы басшысының м.а.: