Елімізде спорттық медицина орталықтары ашылды

Қазір 8 бірдей қалада осындай орындар жұмыс істеп тұр.

Ол жерде жергілікті спортшылар және спорт мамандары тегін негізде қызмет алады. Мәселен, елордадағы орталыққа 12 мыңға жуық адам тіркелген. Бұл жерде ең алдымен спортшылардың байрақты бәсекелерге қатысуына медициналық рұхсат беріледі. Бұған қоса, олар жыл сайын міндетті түрде толықтай дәрігерлердің тексерісінен өтуі керек. Сонымен қатар, әртүрлі жарақатты емдеуге не жарақаттан кейін қалыпқа келуге де қажетті жағдайлар жасалған. Жас деңгейінге қатысты шектеу жоқ. Яғни, спорттық мектептер мен ұйымдарға баратын балалар болсын, жасөспірімдер болсын, жастар және ересектер болсын, кез келген уақытта спорттық дәрігерлер көмегіне жүгіне алады. 

Гүлнәр Базаралиева, тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері:

- Айта кету керек, бұл орталықтар жергілікті әкімдіктердің қолдауымен ашылады. Сәйкесінше әр өңірдің басшысы осы мәселеге жіті көңіл бөлуі керек дейді сала мамандары. Өйткені халықаралық, құрлықтық және әлемдік аламандардағы жетістіктеріміз осы спорттық медицина мен спорттық ғылымға тікелей тәуелді.

Спорттық медицинаның жағдайы қалай?

Азамат Ерқасымов, спорттық медициналық орталық басшысы:

Спорттық медицина мәселесі көтерілді

Спорттық медицина мәселесі спортқа жауапты министрліктің те жіті назарында. Әсіресе ведомство басшысы Ермек Маржықбаев үнемі сала мамандарымен кездесіп, қалыптасқан түйіткілдерді шешуге көңіл бөледі. Бұл тақырып жуырда ғана ашылған арнайы штабта да сөз болды. Яғни, бұдан былай елордада Париж оимпиадасының дайындығына қатысты кеңсе жұмыс істейді. Міне, соның ресми ашылу салтанатынан кейін министр бірден әр бағытқа жауапты мамандарды бекітіп, жүйелі шешімді қажет ететін мәселелерді алға тартты. Оның ішіңнде бағанадан сөз болып жатқан спорттық медицина да бар. Яғни, алдағы жазғы ойындарға жолдама алып үлгерген не лицензиялық жарыстарға қатысатын спортшыларымыз медициналық тұрғыда ешқандай таршылық көрмеуі керек. Салада еңбек етіп жүрген мамандардың біліктілігін арттырып және қажетті құралдарын сатып алып, осы арқылы ел намысын қорғайтын ұл-қыздарды барынша қолдау керек дейді министр. 

Ермек Маржықпаев, ҚР Спорт және туризм министрі:

- Отандық спортта шұғыл шешімін күтетін мәселелер бар. Оның ішінде спорттық медицина мен фармокологияға ерекше тоқталғым келеді. Өйткені, осы мамандардың маңызы ерекше. Өткен аптада Алматы қаласында болып, дәрігерлермен кездестім. Жалпы жағдайды білдім. Әсіресе спортшылардың дұрыс тамақтануы және допингке қарсы күресуіне ерекше екпін жасап, біраз проблеманы талқыладық.  

Иппотерапия әдісімен оңалту жүргізіледі

Мүмкіндігі шектеулі спортшыларды да медициналық тұрғыда қолдау назардан тыс қалып жатқан жоқ. Бәрімізге белгілі оларға ерекше күтім қажет. Әсіресе, бала жастан дұрыс ем-домды жүргізу аса маңызды. Осы мақсатта Астанада иппотерапиямен оңалту әдісі қолға алынды. Яғни, қалалық атшабардағы 10 жылқы сауықтыру шараларына белсене қатысады. Ерекше қажеттіліктері бар балалармен аккредиттелген ұйымдарда оқыған реабилитолог-дәрігерлер, сондай-ақ иппотерапия саласындағы білікті мамандар жұмыс істейді.Қазір бұнда 100-ден аса бала тұрақты келіп жүр. Пилоттық жоба былтыр қазан айындап қолға алынған болатын. Содан бері 800-ге жуық бүлдіршін оңалту шарасына қатысып үлгірді.

Айгүл Хасенова, дәрігер-реабилитолог:

- Иппотерапия әсіресе тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға пайдалы. Олар ат үстінде отырып, алға, артқа және жанына қарай қимылдайды. Мойынмен жұмыс істейді. Бұл әдістер баланың тепе-теңдігін сақтап, бұлшық еттерінің қозғалысын жақсартады. Емдеу курсы бүлдіршіннің диагнозына байланысты. Қалай болғанда да, кемі 8 рет қатысуы қажет. Әр сабақ шамамен 20 минут өтеді.  

Спорттық медицина қауымдастығы ашылып жатыр. Орталдықтар басқа қалаларда да ашалды. Кадр мәселесі. Тапшы мамандардың орыны толтырылып, Университеттер спортық медицина маманрын дайындамайды.