Елордада Ә.Тұяқов атындағы халықаралық турнир өтеді

27 қаңтарда елордада алғаш рет жеңіл атлетикадан Әмин Тұяқов атындағы халықаралық турнир өтеді.

Байрақты бәсекеге 45 елден келген 136 спортшы қатысады. Олардың ішінде олимпиада чемпиондары, жеңіл атлетикадан әлемдік рекорд орнатқан желаяқтар бар. Сайыс бойынша ерлер 60, 400, 3000 метрге жүгіру, сырықпен секіру, ядро лақтыру және кедергілермен 60 метрге жүгіру бойынша жарысады. Ал әйелдер болса 60 метрге және 400 метрге жүгіреді. Сондай-ақ бір миль жүгіру, кедергілермен 60 метрге жүгіру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру сынды сайыстардан жүлдені сарапқа салады.

Айта кетейік жүлде қоры әр спорт түрі бойынша кемінде 7 мың АҚШ долларын құрайды.