Алина Ажғалиева шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Алина Ажғалиева шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық спортшы Алина Ажғалиева шорт-тректен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Польшаның Гданьск қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы дүниежүзілік біріншілікте жерлесіміз 1500 метр қашықтықта көзге түсті. Алина финалда Мажарстандық спортшыны алға жіберіп, мәреге екінші болып келді. Қола медаль қытай қызына бұйырды. Алина Ажғалиева қазақ қыздары арасында тұңғыш рет шорт-тректен әлем чемпионатының жүлдесіне қол созды. Бұған дейін жігіттерден тек Денис Никиша әлемдік сында медаль алған еді.