Бибісара Асаубаева Мәскеудегі турнирде топ жарды

Бибісара Асаубаева Мәскеудегі турнирде топ жарды

Мәскеуде шахматтан «Аэрофлот Опен 2024» фестивалі аяқталды.

Аптаға созылған дәстүрлі жарыста әлемдік FIDE рейтингінде ұпайы 2300-ден жоғары ойыншылар кездесті. Отандасымыз Бибісара Асаубаева опен-турнирде қарсылас шақ келтірмей, тұғырдын жоғарғы сатысынан көрінді. Қазақстаннан Бибісарамен қатар Қазыбек Нөгербек , Даниал Сапенов, Рамазан Жалмаханов, Әлішер Сүлейменов сынға түсті. Айтай кетейік, жалпы биыл турнирге қатысушылар саны 500-ден асты.

YOUTUBE.COM/CFR CHESS FEDERATION OF RUSSIA