Балалар арасындағы халықаралық турнир басталды

Астана Кубогі. Дәл осындай атаумен елордада футболдан балалар арасындағы халықаралық турнир басталды.

10-11 жастағы өрендер бәсекесіне Астана, Ақтөбе, Ақсу, Шахтер, Тараз және Оқжетпес сияқты еліміздегі айтулы клутбардың шәкірттері жиналды. Бұған қоса, мәскеулік «Спартак» пен ташкенттік «Бунеткордың» командалары да арнайы келді. Бас-аяғы 16 команда 3 күн бойы өзара мықтыны анықтайды. Алғашқы күні топтық кезең кездесулері өтті. Нәтижесінде бас жүлдені сарапқа салатын 8 команда анықталды. Айта кету керек, бұндай деңгейдегі жарыс Астанада алғаш өткізіліп тұр. Бұл балалардың шеберлігін шығдауға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Бұған қоса, жарыс аясында бапкерлер де өзара тәжірибе алмасуды көздейді. Ал алдағы уақытта турнирді тұрақты ұйымдастырып, ауқымы мен форматын ұлғайту жоспарланып отыр.