Цифрлы күнтізбе, инновациялық технологиялар және бәсекеге қабілетті өнім өндіру. «Еуразиялық апта» халықаралық форумының басты тақырыбы осындай болады. Басқосу тамыз айының 24-26 аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің жұмыс бағдарламасы шеңберінде өткізіледі. Форумға Еуропаның, Американың және Азияның инновациялық индустрия көшбасшылары, алдыңғы қатарлы компаниялары мен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің шағын және орта бизнес өкілдері қатысады. Вероника Никишина, Еуразиялық экономикалық комиссияның сауда жөніндегі министрі: - Форум аясында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің тауар экспорттаушыларын қызықтырғымыз келеді. Шетелдік кәсіпкерлер бізбен екіжақты тиімді келісімдерге қол қояды деген үміттеміз. Бұл шаралар отандық өнімді сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің жұмыс бағдарламасын ұйымдастырушылармен де тығыз байланыс орнаттық.