Испания Ла лигасының 6-туры аясында «Барселона» сырт алаңда «Кадиспен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz. Матч 0:0 есебімен аяқталды. Осылайша, «Барселона» Испания чемпионатында қатарынан екі ойын тең тарқасты. Өткен турда каталониялықтар өз алаңында «Гранаданы» жеңе алмады (1:1). Ал оған дейін Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Бавариядан» 3:0 есебімен ұтылған. Демек «Барселона» үш ойын қатарынан жеңіске жете алмады.