USD 319.65

EUR 392.60

РУБ 5.63

Н.Бурджанадзе Қазақстанды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Н.Бурджанадзе Қазақстанды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Грузия парламентінің бұрынғы спикері кезінде президент міндетін атқарған «Демократиялық қозғалыс» партиясының жетекшісі Нино Бурджанадзе Қазақстанды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

«Қазақстан Грузия үшін тұрақты әрі стратегиялық серіктес ел болып саналады» - дейді танымал саясаткер.

Нино Бурджанадзе, Саясаткер:

- Ең алдымен мен Қазақстанды тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Сіздің халқыңызға барлық жақсылықты тілегім келеді. Елде бейбітшілік болсын. Қазақ достарыммен қарым-қатынасымыз өте жақсы екеніне қуанамын. Біздің елдер арасындағы стратегиялық әріптестік нығая түседі деп сенемін. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтай елбасшысы бар Қазақстанның жолы болды. Ол шынымен де тәуелсіз мемлекет құрып, ел дамып, өркендеуі үшін көп тер төкті. Елбасына ұзақ ғұмыр және табыс тілеймін.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде