Германиялық саясаттанушылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Германиялық саясаттанушылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Германиялық саясаттанушылар Қазақстанды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады

Қазақстан халқының қастерлі мерекесі - Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен Германия үкіметінің Ресей және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі өкілі Гернот Эрлер құттықтады.

Неміс саясаткерлері ширек ғасырдағы Қазақстан жетістіктерін жоғары бағалайды. Әсіресе Біріккен ұлттар ұйымы қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануын толайым табысқа балады.

Гернот Эрлер, Германия үкіметінің Ресей және Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі өкілі:

- Қазақстан-Германия қарым-қатынасы қарқынды даму үстінде. Оған екі елдің халқы сүбелі үлестерін қосып келеді. Экономикалық әріптестігіміз де өз алдына бөлек әңгіме. Қазақстан біздің Орталық Азиядағы басты сауда серіктесіміз. Германия үкіметінің атынан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын. Тұрақтылық, бейбітшілік және экономикалық өрлеу тілеймін!

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде