USD 325.75

EUR 382.61

РУБ 5.31

Скрипкашы Зағиша Камил Нью-Йоркте өнер көрсетті

Скрипкашы Зағиша Камил Нью-Йоркте өнер көрсетті

Қазақстандық скрипкашы Зағиша Камил Нью-Йоркте өз өнерін паш етті.

Оның жеке концерті ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Жаңа жылға жасалған тамаша сый болды. Ол Күләш Байсейітова атындағы музыка мектебінің түлегі танымал педагог Нина Патрушевадан тәлім алған. Қазір музыкант Нью-Йоркте өз шеберлігін шыңдау үстінде. Манхэттендегі беделді академияның студенті бүгінге дейін бірнеше халықаралық байқаулардың жеңімпазы атанды. Зағиша Камил Америкадағы музыка фестивальдеріне жиі қатысып тұрады. Жақында ол жастар оркестірінің сапында атақты Карнеги-Холда өнер көрсетті. Кешке келген қадірлі қонақтардың қатарында БҰҰ Бас хатшысының жұбайы Пан Сун Дэк те болды. Зағишаға құттықтау сөзін арнаған ол қазақ қызының өнерін жоғары бағалап, шеберлігі мен талантына тәні болғанын жеткізді.     

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде