Ыстамбұлда «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Ыстамбұлда «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Ыстамбұлда «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Ыстамбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «ТҮРКСОЙ-Қазақстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Кітап 15 бөлімнен тұрады. Онда негізінен қазақ халқының мәдени мұралары мен әдет-ғұрыптары туралы мол мағлұмат беріліп, еліміздің түркі дүниесінің ықпалдасуына қосқан сүбелі үлесі кеңінен баяндалады. Өз кезегінде халықаралық ұйым қазақтың ақын-жазушылары мен композиторларының шығармаларын күллі әлемге насихаттауда талмай еңбек етіп келеді. Мысалы, 2013 жылы дарынды композитор Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығы мен былтыр айтыс өнерінің дүлдүлі Сүйінбай Аронұлының мерейтойын түркітілдес мемлекеттер кеңінен атап өтті. 

Асқар Тұрғанбаев, Қазақстанның ТҮРКСОЙ-дағы өкілі:

- Қазақстан қазіргі таңда ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымында төрағалық етеді. Сонымен қатар Қазақстан түркі халықтарының географиялық және мәдени орталығы. Сондықтан осы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының қазіргі үлкен жетістіктеріне төрағалық етуші Қазақстанның үлесі үлкен. Осы мақсатта жұмыс істедік. Қазақстанның және түркі халықтарының ортақ мәдениетін танытуға сіңіріп жатқан еңбегін, осы бағытта істеліп жатқан жұмыстар, бұған дейін жасалғандар және алдағы жоспар баяндалды.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде