Мереке қарсаңында астаналық отбасыларға қамқорлық жасалды

Мереке қарсаңында қарсаңында бірнеше астаналық отбасына қамқорлық жасалды.

Астана қаласы әкімдігінің «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлік және киім-кешек сертификаттарын сыйға тартты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жанұя» орталығы игілікті іс-шараға ұйытқы болды. Демеушілердің көмегімен бірнеше отбасыға азық-түлік және киім-кешек дүкендерінің сертификаттарын табыс етті. Сыйлыққа ие болғандар қатарында көп балалы, жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі бала өсіріп отырған отбасылар қамтылған

Маржангүл Нұрлыбаева, көп балалы ана:

- Азық-түлікпен берді. Бүгін міне сертификат беріп жатыр. Қандай қиындық болса да «Жанұяға» келіп жағдайымды айтамын. Өзім жер үйде тұрамын. Биыл енді көмірге көмек беремін деп жатыр.  

Индира Қыдырмаева, көп балалы ана:

- Осындай жаңағы іс-шаралардан да қалдырмайды. Арттерапия дейді жаңағы психолог, сол жаққа да шақырады. Қандай тренингтер болады сол жағына көпбалалы аналарды шақырады. Соған көк-көп рахметімді айтамын «Жанұя» ұйымына.

Астана қаласы әкімдігіне қарасты орталық 2019 жылы құрылды. Әртүрлі санаттағы отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетеді. Сондай-ақ орталықта барлық мемлекеттік қызмет түрлеріне бір терезе қағидаты бойынша қол жеткізуге болады.

Айгүл Болатхан, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығының бөлім басшысы:

- Атаулы әлеуметтік көмекті алатын болсақ, сол көмекке қажетті құжаттарын жинақтауға көмектесу. Мысалы, отбасылар кездеседі бізде құжаттары жоқ, жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, балаларының тууы туралы құжаттары жоқ. Сол отбасыларға құқықтық көмек көрсету арқылы сол құжаттарын қалпына елтіру, болмаса жаадан рәсімду бойынша көмек көрсетеміз. Сонымен қатар демеушілермен тығыз жұмыс жасаймыз.

Қазіргі таңда орталық 500 отбасыға тұрақты түрде әлеуметтік қолдау көрсетеді. Сондай-ақ жыл басынан бері 16 мың адамға түрлі мәселелер бойынша кеңес берілді.

Нұрқанат Қанапия, Бағдат Қайыркен