«AKFA Build» Қазақстанға қауіпсіз лифтілерін ұсынады

«AKFA Build» – Өзбекстанда лифт және эскалатор өндірісімен айналысатын жетекші кәсіпорынның бірі.

Көршіміздегі бренд инновациялық технология әрі жоғары сапасымен ерекшеленеді. Компания қазақстандық тапсырыс берушілердің талабын ескеріп, жолаушы және жүк тасымалдауға арналған 4 түрін ұсынады. Оның ішінде панорамалық және емдеу орындарына қажетті жеделсатылар да бар. AKFA Build технологиясының тағы бір маңызды тұсы, «Automatic Rescue Device» қауіпсіздік құрылғысымен қамтылған. Соңғысы ғимаратта жарық сөнген жағдайда жолаушыны жақын маңдағы қабатқа жеткізуге көмектеседі.

Ташкент технопаркіндегі зауытта жылына 2 мың лифт жасап шығарылып, Орталық Азия мен ТМД елдеріне саудаланып келеді. Ал Қазақстанда 33 мың 585 жеделсаты қолданылады. Соның 10%-і жаңартуды қажет етіп тұр. Біздің нарық үшін өнімді Өзбекстаннан сатып алу логистика және кедендік төлемдер тұрғысынан ұтымды болуы мүмкін.

Наргиз Шоисламова, «TEXNOPARK» ЖШҚ директорының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары:

- Біздің географиялық тұрғыда жақын орналасуымыз және лифтіде түрлі опциялардың болуы серіктестік үшін аса пайдалы. Оның үстіне компания тек жолаушы тасымалдайтын емес, панорамалық, жүк, сондай-ақ ауруханаға қажетті жеделсатыларды шығарады. Кең ауқымды дамып келе жатқан қазақстандық нарық сұранысын қанағаттандыруға ниеттіміз.

Компания дизайнерлік қырымен де ерекшеленіп, ғимараттың эстетикалық тартымдылығын арттыру үшін өнімді сапалы материалдармен әрлейді. Барлық сынақтан соң лифтілік қондырғының техникалық ахуалына қатысты баға беріледі.

Наргиз Шоисламова, «TEXNOPARK» ЖШҚ директорының БАҚ және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары:

- «AKFA Build» лифтілері зертханада және мынадай ерекше сынақ мұнарасында кешенді тексерістен өтеді. Ол қауіпсіздікке кепілдік беріп, түрлі халықаралық және ұлттық стандарттарға сәйкестігін бағамдайды. Бізде Қазақстаннан алынған сапа сертификаты бар. Құжат өнімнің сол елдегі талаптарға толық сай екенін дәлелдейді.   

«AKFA Build» өнімі Өзбекстан бойынша көптеген ғимаратқа орнатылған. Қауіпсіз әрі сапалы лифт әлемдік алпауыттар ұсынатын құрылғылардан кем емес. Таяуда ғана Шымкентте компанияның шоу-румы ашылып, қызмет көрсете бастады.

Авторы: Рауан Мыңбаев.