Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы «Қазақстан Астана Балет Гала» концертін тамашалады

  • 355
  • Media
Елбасы «Қазақстан Астана Балет Гала» концертін тамашалады

Мемлекет басшысы Линкольн орталығында өткен «Астана Балет» театрының концертіне барды. «Астана Балет» театры «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясындағы «Қазақстан Астана Балет Гала» бағдарламасын ұсынды. 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа жасаған ресми сапары қос мемлекет арасындағы мәдени байланысты бекемдеп, стратегиялық әріптестіктің көкжиегін кеңейтті. Соның айғағы – «Астана балет» театрының Нью-Йорктегі Линкольн орталығында қойылым көрсетуі. Классикалық өнердің майталмандары қазақ елінің өзіндік ерекше мәдениетін миллиондаған көрерменге паш етті. «Астана Балет» америкалықтарға алғашқы қойылымын 2015 жылы ұсынған. Сол кезде Қазақстан Қауіпсіздік Кеңесіне мүше атану үшін сайлауалды іс-шаралар өткізген еді. Онда Линкольн Орталығына Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 192 мемлекеттің беделді саясаткерлері келген болатын. «Астана Балеттің» осы жолғы қойылымы «Жаһандық ғаламдағы жасампаз Қазақстанның мәдениеті» жобасы аясында өтті.

Мукарам Авахри, «Астана Балет» театрының бас балетмейстері:

– Бұл кеште ұлттық хареография мен ұлттық биге басымдық бердік. Соңғы үш жылда ұжымның деңгейі жоғарылады, репертуары кеңіді. Бүгін сол жетістіктерімізді көрсететін мүмкіндік туып отыр.

Дарья Баудаш, Словенияның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі:

– Қазақстанды Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық етуімен құттықтаймын. Бүгінгі қойылымды тамашалап ерекше әсерге бөлендім. Қойылым арқылы Қазақстанның кескін-келбетін көргендей болдым.

back to top