Хабар 24
LIVELIVE

Бақытжан Сағынтаев: Мекемелер қызметкерлерді жұмыстан уақытылы босатуы керек

  • 498
  • Media
Бақытжан Сағынтаев: Мекемелер қызметкерлерді  жұмыстан уақытылы босатуы керек

Мекемелер қазіргідей сарышұнақ аязда қызметкерлерін жұмыста көп ұстамауы керек. Бүгін Премьер-министр Үкімет отырысында мемлекеттік органдар мен жекеменшік ұйым жетекшілеріне осындай тапсырма берді. Бақытжан Сағынтаев еліміздің бірнеше аймағында сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмен кеткенін алға тартып, жылу және қоғамдық көлік мәселелеріне баса көңіл бөлу керектігін атап өтті. «Әсіресе, шағын қалалардағы жылу қазандықтарының жұмысы қатаң қадағаланып, құтқару қызметінің тосын жағдайға дайындығын пысықтау қажет», – деді Премьер-министр.  

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

– Әкімдіктерге қызметкерлердің кезекшілік кестесін әзірлеуді тапсырамын. «112» диспетчерлік қызметі үздіксіз жұмыс істеп, ІІМ автокөлік жолдарындағы жағдайды ұдайы қадағалап тұруы тиіс. Қазіргідей суық күнде мемлекеттік және жеке мекемелерге қызметкерлерін мөлшерден көп жұмыс істеткізбеуін міндеттеймін. Мүмкіндігіне қарай, оларды үйіне жеткізіп салатын көліктер дайын болуы керек.

 

back to top