Хабар 24
LIVELIVE

Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі М.Бочарниковпен кездесті

  • 324
  • Media
Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісі М.Бочарниковпен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті Елшісімен кездесті. Михаил Бочарниковтың еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталды. Ресейлік дипломат біздің елде 11 жыл жұмыс істеген. Мемлекет басшысы оның қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстан-Ресей қарым-қатынасын нығайтуға үлес қосқаны үшін ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ Президент екі елдің халықаралық аренада табысты ықпалдастық орнатқанын да атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Отношения между Казахстаном и Россией укрепились за эти годы. Мы отметили 25-летие установления наших дипломатических связей. Развивается межрегиональное сотрудничество, визиты и встречи на высшем уровне стали интенсивными. Наше партнерство является примером межгосударственных отношений. На международном уровне мы поддерживаем друг друга. Во время моего визита в США я акцентировал особое внимание на вопросе российско-американских отношений. Об этом я говорил В.Путину недавно в разговоре. Я благодарен за вашу деятельность. Казахстан благодарен за все это. Поэтому я наградил вас орденом дружбы. 

Михаил Бочарников екі ел арасындағы байланыстың жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айтып, Қазақстанның жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіндегі белсенді қызметіне тоқталды. Дипломат қос мемлекеттің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығын да тілге тиек етіп, бұл қарым-қатынастың нәтижелері мен оның болашағын да атап өтті. Ал кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ресей елшісін «Достық» орденімен марапаттады. 

Михаил Бочарников, Қазақстандағы РФ Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстанда 11 жылдан астам уақыт қызмет еттім. Осы уақыт аралығында елдеріңізге деген ризашылық сезімім арта түсті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болуы және бұл қауымдастыққа төрағалық етуі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі елдеріңіздің маңыздылығын көрсетіп отыр. Мен Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға қатысты жүргізіп отырған сыртқы саясаты үшін ризашылығымды білдіремін.

back to top