Елбасы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті
- 252

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастық пен өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, соның ішінде Сириядағы қазіргі ахуалды талқылады.
Екі ел көшбасшылары Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің кезекті саммиті жөнінде пікір алмасты.
Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық кеңестің кезекті отырысына қатысу үшін Анкараға шақырды.
Телефон арқылы сөйлесуге Түркия жағы бастамашы болды.
Related items
- Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңес отырысына қатысты
- Мемлекет басшысы Ресей Президенті В.Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Елбасы Оңтүстік Кореяның Сыртқы істер министрі Кан Гён Хвамен кездесу өткізді
- Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевті Әзербайжан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
- Ердоған мұнайға бай мұсылман елдеріне үндеу жолдады