Хабар 24
LIVELIVE

«Хабар» телеарнасы Ақ Олимпиада ойындарын көрсетеді

  • 438
<span class=favorites>«Хабар» телеарнасы Ақ Олимпиада ойындарын көрсетеді</span>

Хабар арнасы әдеттегі дәстүр бойынша бұл жолы да Олимпиададан үздіксіз ақпарат таратады. Ол үшін арнайы үш топ тас түйін дайын отыр. Екі күннен кейін алғашқы тікелей эфир болады деп жоспарланған. Онда мәнерлеп сырғанаудан өтетін сайыстар мен Ақ Олимпиаданың ашылу салтанаты көрсетіледі.

Жазғысы бар, қысқысы бар «Хабар» Агенттігі осымен оныншы рет Олимпиада ойындарынан ақпарат таратпақшы. Ол тек жаңалықтар емес, Олимпиада күнделігі, тележурнал түрінде болады. Әрине, тікелей эфирлер де баршылық.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» арнасының бас продюсері:

Жалпы осы Олимпиада бойынша 100 эфир жоспарланған. Оның жалпы хронометражы 208 сағатқа тарта. Мұның негізгі басым бөлігі тікелей эфирде болады.

Ақ Олимпиададан ақпар тарататын «Хабар» Агенттігінің үш тобы бар дедік. Оның алғашқысы – тікелей эфирде жұмыс жасайтын комментаторлар. Келесісі – жаңалықтар қызметінің түсірілім тобы. Алты адамнан тұратын құрам қазірдің өзінде Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласынан дайындалған алғашқы метериалдарын эфирден беріп жатыр.

Амангелді Сейітхан, «Хабар» Агенттігінің тілшісі:

– Жалпы мақсат – Олимпиаданың ахуалын ауылдан бастап, бүкіл Қазақстанға жеткізу. Жұрт осы 16 күн Олимпиадамен тыныстайды, Олимпиадамен өмір сүреді. Біз ғана емес, бүкіл әлем. Енді ақпаратпен қамтамасыз ету ғой мақсат. Ол түрлі формада болуы мүмкін. Күнделікті жаңалықтар не болмаса арнайы репортаждар.

Одан тыс «Хабар» арнасының сайтында Ақ Олимпиада жайлы арнайы бет ашылады. Қазақстандықтар сонда кіріп, ойындар кестесімен танысып, оның қорытындысы және жеңімпаздарын көре алады. Өзге де соңғы жаңалықтар мен эксклюзивті сұхбаттарда осында орналастырылады.

Авторлары: Ердәулет Байдуллаев, Әліби Жұмағазыұлы

back to top