Елбасының қатысуымен кеңейтілген Үкімет отырысы басталды
- 321
- Media

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Бүгін министрлер мен әкім-қаралар кеңейтілген жиын барысында былтырғы жылды қорытындылайды. Жиылған Үкімет мүшелерінің бәрі былтыр атқарылған істер жөнінде Қазақстан Президентіне есеп береді.
Ішкі жалпы өнім былтыр 4 пайызды құрап, осылайша қарқын алды. Өсімнің 60 пайызы – шикізаттық емес сектордың есесі. Елбасының тапсырмасымен әлеуметтік жәрдемақылардың негізгі ставкалары өсті. Мәселен, зейнетақы 20, баланың тууына байланысты берілетін жәрдем ақша 27 пайызға артты. Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық.
Оның шарапатын дүйім жұрт 2021 жылы толық көреді. Яғни еліміздің барлық елді мекендері кеңжолақты интернетке қол жеткізеді. Экономиканың сан саласы техникалық қаруланып, өндірісі өрге сүйреуі тиіс кәсіпорындар жаңарады. 2017 жылы еліміздің абыройы әлем аренасында біраз көтерілді. Сириядағы сергелдеңді шешуге бағытталған Астана процесі, Ислам және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымдарының самиттері, EXPO көрмесі, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі – мұның бәрі Қазақстанның жаһандағы рөлін айқындап бергендей. Сәуір айында жарияланған Елбасының «Рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық санамызды бір серпілткені және бар. Бұл – көңілді марқайтатын көрсеткіштердің бір парасы ғана. Бүгінгі жиынға қатысатын Нұрсұлтан Назарбаев ел келешегін айқындап, атқамінерлерге бірқатар тапсырма беруі ғажап емес. Өйткені жүйелі жоспар жетістікке жетелейтіні ақиқат.
Related items
- Қазақстан мен Корея зияткерлік көлік жүйесін дамытуда өзара көмек көрсетуге келісті
- Елорда мекемелерінің өкілдеріне мемлекеттік рәміздерді пайдаланудың қағидалары түсіндірілуде
- Жамбыл облысында героин тасымалдағандар ұсталды
- Ежелде Алтайдан Америкаға көшкен үндістер генетика жағынан қазақтармен туыс болып келеді
- Астанада «ақылды» аудан құрылады