Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды

  • 373
Елбасы Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министріне мемлекеттік қарызды азайтуды тапсырды. Елбасы жиын барысында Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев пен Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа аталған бағыттағы жұмыстарды бақылауға алуды жүктеді.

 «Мемлекеттік қарызды бір деңгейде ұстау керек. Осы бағыттағы жағдайға қадағалап отыруың керек. Қарызды ұлғайтпай, керісінше оны кемітудің қадамдарын Үкіметің табысымен орайластырып отыру қажет. Әртүрлі жағдайлар болады, сондықтан қажетті мүмкіндіктер болуы керек. Кейінгі кезде құрылысқа, жолдарға біраз көбірек алып жібердік», деді Елбасы Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа қаратып айтқан сөзінде. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалымен ел Үкіметінің кеңейтілген мәжілісі өтіп жатыр. Отырыс барысында Үкімет басшысының, бірқатар министрдің, облыс әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

back to top