Хабар 24
LIVELIVE

Үкіметтің кеңейтілген отырысында не талқыланды

  • 744
  • Media
Үкіметтің кеңейтілген отырысында не талқыланды Ақорда

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Үкімет үйіне барып, атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен танысты. Үкімет тындырған шаруаларға жалпылама тұрғыда оң бағасын бергенімен, көңілі толмаған тұстардың да көп екенін байқатып, бір сынап алды. Соның ішінде мемлекеттің ұрланған қаржысы мен сыртқы қарыз, екінші деңгейлі банктердің мәселесі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің шикіліктеріне қатысты шындықты айтып, Үкімет мүшелерін сергек жұмыс істеуге үндеді.

Себебі Елбасы экономика өсімі сөз болғанда, биылғы жылдың оңайға соқпауы мүмкін екенін мәлімдеді.

Сағынтаев басқаратын Үкіметтің мүшелері еліміздің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қорытындылады. Тұтастай алғанда, өткен жылы барлық салада өсім байқалады. Енді осы өсімді еселеу межесі тұр. Бірақ шешімін таппаған түйткіл де жетіп артылады. Мемлекет басшысы сол өзекті деген мәселелерді көтерді отырыс барысында.

Премьер-Министрдің есебінен. Жалпы ішкі өнім былтыр 4 пайызды құрап, осылайша қарқын алды. Өсімнің 60 пайызы шикізаттық емес сектордың есесі. Өткен жылы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын қабылдадық. Оның шарапатын дүйім жұрт 2021 жылы толық көреді. Яғни еліміздің барлық елді мекендері кең жолақты Интернетке қол жеткізеді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-Министрі:

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Бағдарламаларды іске асыруға байланысты Үкімет жұмысының негізгі нәтижелері осындай. Бүгінгі күні Үкіметте сіздің жолдауыңызда айтылған міндеттерден және стратегиялық құжаттардан туындайтын 2018 жылға арналған нақты іс-қимыл жоспары бар.

Бақытжан Сағынтаев Елбасына көңілді марқайтатын көрсеткіштер туралы баяндап берді. Президент, тіпті, Премьер-Министрдің есебінен мін таппады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жақсы баяндадың. Бірақ өз-өзіңе деген сын жоқ.

Еліміздің салық жинау және импорттық, экспорттық тауарларды түгендеу саласына блокчейн технологиялары енгізіледі. Сағынтаевтан кейін сөз тізгінін ұстаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай деп баяндады. Цифрландырудың арқасында салықтық және кедендік түсімдер мөлшері 7 жылдан кейін 6 триллион теңгеге ұлғаймақ. Елбасы «алмақтың да салмағы бар» екенін ескертіп, мемлекеттік қарызды азайту тетіктерін қарастыруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекеттік қарызды бір деңгейде ұстау керек. Сен қарап отыруың керек. Ұлғатпай. Керісінше, кемітудің жағдайын Үкіметтің табысымен ойластырып отыруың керек. Әртүрлі жағдайлар болады. Сондықтан кең болуымыз керек. Мүмкіншілік болуы керек. Қарыз алуға, керек болатын болса. Кейінгі кезде көп алып жібердік. Жолдарға, үй салуға. Ерболат, ты должен смотреть за этим.

Отырыста елдегі екінші деңгейлі банктердің мәселесі де қаралды. «Қаржы ұйымдары банк акционеріне тиесілі компанияларға несие беріп, бұл туралы ешбір құжатта көрсетпеген» деп мұңын шақты Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев. Мәселен, «Дельта Банк», «Банк РБК» секілді институттарда біраз былықтың беті ашылды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Создали банк, и теперь туда поверили, пошли люди, нацкомпании, и теперь эти акционеры вытаскивают оттуда деньги, а Национальный Банк сидит и наблюдает. И так по всем другим банкам. Меня это возмущает просто! Мы вот говорим, что будет плохо то-се, нельзя подвергать банкротству. Надо подвергать банкротству, пусть оставляют деньги. Эти вот акционеры никуда же не делись. Они здесь. Они создали банк для того, чтобы накопить деньги, потом вытащить оттуда. Как такое может быть среди бела дня воровство?!

Үкіметтің үлкен отырысында цифрландыру мәселесі егжей-тегжейлі талқыланды. Мемлекет басшысы заманауи технологиялардың қолданылуын көпшілік жан-жақты түсіне бермейтінін айтып, бағдарламаны халыққа барынша ұғынықты түрде түсіндіру керегін ескертті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Нам надо вообще народу в целом разъяснить, с чем ее едят, что такое цифровизация. Цифровизация – это не панацея, это только часть индустриальной революции 4.0. То есть задача очень большая. В самом конце стоит искусственный интеллект, поэтому объяснять надо, что это такое. Я предлагаю СМИ, Даурену Абаеву, надо специально проводить часы на телевидении, а в центральных и областных газетах создать специальную рубрику по цифровизации. Какой эффект, где внедрили, чего достигли, что это такое? То есть нам сейчас нужен всеобуч в этом плане. 

Президент өңірлердегі арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын майшаммен қарады. Бүгінде олардың түтіні түзу болғанымен, мұржасы қисық қаланғаны көзге ұрады. Нақтырақ айтсақ, бұлардың тиімділігі Елбасының көңілін көншітпейді. Сондықтан Мемлекет басшысы осындай жаңа аймақтар салуға уақытша тыйым салды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Сейчас средства тратятся на СЭЗ. Их у нас 11. Акимы областей продолжают забрасывать нас бумагами. Пусть Правительство рассмотрит. Что эти СЭЗ дали. И пока не разберемся, новых СЭЗ создавать не будем. Доведём до ума то, что есть. В ближайшие годы запланированы 188 млрд тенге на СЭЗ. Какова эффективность? Большинство не стали точками роста.

«Нұрлы жол» бағдарламасы да күн тәртібінде жан-жақты пысықталды. Елбасының бұл сауатты саясаты ел болашағына жарқын жол салып бергені күмәнсіз. «Енді халық оның шарапатын көріп, шапағатын толық сезінуі үшін жергілікті жолдарды қалпына келтіру керек», деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Кейін шыдай тұратын объектілер болса, оның қаражатын облыстың ішіндегі жолдарға салу керек. Адам өзінің үйіне дейін жол келмесе, сенің салып жатқан республикалық жолыңның не керегі бар оған? Бәтеңкесі аяғын қысатын болса, соны ойлайды. Сонда ғана халық түсінеді жол салынып жатыр екен деп. Бұл жеке бағдарлама. Қайтадан қарау керек. Қаражатты қалай салуымыз керек екенін.

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің тағы бір олқы тұстарын сын тезіне салды. Мәселен, денсаулық сақтау саласын қағазсыз жүйеге көшіру бірқатар өңірлерде тұралап қалды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Причина торможения реформы – проблема информатизации здравоохранения. До сих пор нет электронных паспортов здоровья, врачи ведут документацию на бумаге, модернизация на местах слабо обеспечивается компьютерами и доступом к Интернету. Вообще-то, это зона прямой ответственности акимов. Самые низкие показатели внедрения информационных систем – в медицинских учреждениях ВКО, в Актюбинской области – 37%, Астана – 31.

Әкімдер болса бұл жұмыстың жүйелі жасалып жатқанын айтып, «бар кінәрат Қаржы министрлігінде» деп өз ойларын ортаға салды.

Даниал Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы! Бұл мәселенің мән-жайы түсінікті. Былтыр біз бюджеттен компьютерлер мен басқа техникаға 1 миллиард теңге көлемінде қаражат бөлгенбіз. Өкінішке қарай, Қаржы министрлігінің Сатып алулар комитеті тапсырысқа сай әлі бірде-бір компьютерді жеткізген жоқ.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:

- Нұрсұлтан Әбішұлы! Біз тек сауда алаңымен ғана қамтамасыз етеміз. Сатып алушы бәріне бірдей. Комиссияны жергілікті атқарушы органдар дайындайды. Оны өздері басқарады. Солай бола тұра, бізге негізсіз сын жиі айтылады.

Сайып келгенде, Елбасы: «көтере алмайтын шоқпарды белге байлаудың қажеті жоқ», – деді. Қайта халықтың денсаулығы мен өміріне қатысты сұрақтарды шындап шешу керектігін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Это здоровье людей. Здесь мелочей нет. Министерства должны координировать, а акимы должны исполнять. Істей алмасаңдар, айтыңдар. Что мешает вам? Это очень серьезный и острый вопрос, который нужно быстро решить.

Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласы да бүгінгі жиында әңгіме арқауына айналды. Бұл орайда Мемлекет басшысы кейбір әкімдердің жұмысына көңілі толмайтындығын жеткізді. Өңірлердегі атқамінерлер «Рухани жаңғыруға» қатысы болмаса да, кез келген спорттық һәм мәдени шараны мазмұны терең, көңілге толымды, таңдайға татымды құжатқа орайластыратын көрінеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бірқатар өңір «Рухани жаңғыруға» қатысты жұмыстармен тыңғылықты жұмыс істеп жатыр. Ал кейбір әкімдіктер күнделікті өзінің істеп жатқан жұмыстарының барлығын «Рухани жаңғырумен» шұғылданып жатырмын» дейді. Мысалы, жыл сайынғы мерекелік жарыстарды, фестивальдерді «Рухани жаңғыру» дейді. Это профанация. Разве так можно? Сонда «Рухани жаңғырудың» не екенін түсінбегені ғой. Түкке тұрмайтын нысандарды, баяғы құлап қалған мазарларды алып келеді де, «мынау сакралды орын» деп айтады.

Елбасы жоғарыда көтерілген мәселелерге Үкімет мүшелерінің бәрі жеке бастарымен жауап беретінін ескертіп, барлығын ел игілігі үшін аянбай еңбек етуге шақырды. Ал осы алға қойылған ұлы мақсаттардың алғашқы нәтижесін қалың ел алдағы жылдары сезінуі тиіс. 

Авторлары: Ж.Біркенов, Е.Рахманбердиев және Бақытбек Нұртаев

back to top