Хабар 24
LIVELIVE

Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады

  • 286
  • Media
Мемлекет басшысы Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевті қабылдады Фото: akorda.kz

Астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші 2 есеге артып, өнеркәсіп өндірісі 7 пайызға өсті. Былтырғы жылдың қорытындысы осындай. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының қабылдауында болған Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев мәлімдеді.

Кездесуде шаһар басшысы Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен Астананың 20 жылдық мерекесіне дайындық барысы жөнінде баяндады. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевқа негізгі капиталға тартылған жеке инвестициялар көлемі ұлғайып, есепті кезең ішінде оның үлесі 70 пайыз болғанын айтты. Әсет Исекешев былтыр 2,4 миллион шаршы метр тұрғын үй салынып, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілгенін де тілге тиек етті. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев елордада басқа өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп салынған бірқатар әлеуметтік нысанның құрылысына қатысты жұмыстарға оң баға берді.

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

– Бес жыл ішінде 46 индустриялық жоба 1 триллион теңгенің өнімін берді. Биыл тағы 13 жобаны іске қосамыз.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Налоги захватил сколько?

Әсет Исекешев, Астана қаласының әкімі:

– Салықтық түсімдер биыл 990 млрд теңге болды. Бюджеттің кірістері артып келеді. Биыл жеке капиталға салынған инвестицияның 70 пайызы жекенің қаражаты. Мәселен, былтыр бұл көрсеткіш 40 пайызды құрады. Қалған 60 пайызы мемлекеттің инвестициясы болатын. Астананың 20 жылдығына орай біз көбіне әлеуметтік бағыттағы жобаларды әзірледік. Аймақтардың қатысуымен де жасалған жобалар бар.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Правильно, что области принимают участие в развитии столицы.

back to top