Хабар 24
LIVELIVE

Қ.Тоқаев Индонезия Президентіне Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруды табыс етеді

  • 167
Қ.Тоқаев Индонезия Президентіне Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруды табыс етеді

12-14 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияда сапармен барады.

Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қ.Тоқаевтың Индонезия Президенті Джоко Видодомен кездесуі сапардың басты оқиғасы болады.

Сенат төрағасы Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Индонезия басшысына Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыруын жеткізіп, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI Съезіне қатысуға шақыруды табыс етеді. Қазақстан Сенатының Төрағасы мен Индонезия Халық кеңесшілері конгресінің басшысы кездесуінде парламентаралық байланыстарды нығайтудың келешегі әңгіме өзегіне айналады. Келіссөздер барысында саяси және экономикалық екі жақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылау көзделіп отыр.

back to top