Хабар 24
LIVELIVE

Қазақстандық шаңғышы А.Колядин Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды

  • 403
<span class=favorites>Қазақстандық шаңғышы А.Колядин Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алды</span>

Қазақстандық Александр Колядин Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды.

Шаңғы жарысынан 1,5 шақырымдық спринттік жарыстар өткен болатын. Ел намысын қорғаған Александр Колядин іріктеу сынында және жартылай финалда ең үздік көрсеткішке қол жеткізді. Ал соңғы финалдық жарыста тағы да алдына жан салмай, өз мықтылығын кезекті рет дәлелдеді. Осылайша жерлесіміз қысқы Паралимпиада ойындарынан ел тарихындағы алғашқы алтын медальды ұтып алды. Аталған бәсекеде күміс жүлде – жапониялық, ал қола канадалық спортшыларға бұйырды.

Александр Колядин, Пхенчхандағы Паралимпиада ойындарының чемпионы:

- Финал кезінде жарты жолда тоқтап, тынығып алдым. Нәтижесінде көп ұзамай қарсыластарымды басып озып, мәреге бірінші болып жеттім. Төрт жыл бойы төккен терім ақталды. Шынымды айтсам, алтын медальға ие боламын деп ойламаған едім. Бағым жанды. Қолдау танытқан қазақ еліне, жақындарым мен жанкүйерлеріме рақмет!

back to top