Хабар 24
LIVELIVE

Астанада Қазақстандағы Өзбекстанның жылын ашудың салтанатты рәсімі өтті

  • 373
  • Media
Астанада Қазақстандағы Өзбекстанның жылын ашудың салтанатты рәсімі өтті

Астанада еліміздегі Өзбекстан Республикасы жылының ресми түрде басталуын ашуға арналған ресми салтанат өтті. Бұл салтанатты кеште Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев сөз сөйледі.

Жиында сөз алған Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі таңда қазақ-өзбек байланысының одан әрі нығая түскенін айтты. Сонымен қатар Елбасы ресми Астана мен Ташкенттің қазір болып жатқан көптеген халықаралық жағдайларға деген көзқарасының бір екенін жеткізді. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы достық байланыстың дамуына зор үлес қосқаны үшін Шавкат Мирзиёевті бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

back to top