Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы Наурыз мейрамына орайластырылған мюзиклді тамашалады

  • 168
  • Media
Елбасы Наурыз мейрамына орайластырылған мюзиклді тамашалады

«Жаңарған жер, бақ қонған нұрлы ел». Бүгін Астанада осындай атаумен Наурыз мейрамына орайластырылған мюзикл өтті.

Балет және опера театрларының әртістері өнер көрсеткен шараны көпшілікпен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та тамашалады. Бұл концертте әлемдік классикалық музыка мен қазақстандық композиторлардың белгілі композициялары орындалды. Үш бөлімнен тұрған қойылым ұлы дала елінің тарихын мазмұндайды. Нақтырақ айтқанда, еліміздің егемен мемлекет ретінде қалыптасуы кезеңі баяндалады. Сценарий бойынша данышпан ақсақал жас Қазақстанды бейнелейтін жас жігіт елдің 7 уығы туралы жұмбақ жасырады. Басты кейіпкер бүкіл мюзикл бойы бұл сұрақтың кілтін іздеп, шешімін табады.

back to top