Хабар 24
LIVELIVE

«Жас Отан» Жастар қанаты IV съезі аясында гала-форум өткізілді

  • 1224
  • Media
«Жас Отан» Жастар қанаты IV съезі аясында гала-форум өткізілді

«Жас Отан» Жастар қанатының төртінші съезінің жұмысы жалғасып жатыр. Кеше делегаттар «Рухани жаңғыру», «Цифрлық Қазақстан», «Қазақстанда жасалған», «Білім. Ғылым. Инновация», «Саламатты ұлт» деп аталатын 5 тақырып бойынша өткен сессияларға қатысып, жобаларын ұсынды. Сонымен қатар онлайн сайлауда жеңіске жеткен 16 үміткер орталық кеңеске мүше болып сайланды.

Ал Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова съезд қатысушыларына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтауын жеткізді. Бас қосуда мемлекет басшысының 5 бастамасы, «Рухани жаңғыру», білім, денсаулық, кәсіпкерлік, цифрландыру басты тақырыпқа айналды. Сессия жұмыстарының нәтижесінде әр бағыт бойынша бірнеше үздік жоба таңдап алынды. Ол жұмыстар осы «жаңа әлемге жол саламыз» гала форумында таныстылып жатыр. Сол жобалар жастарға арналған бағдарламаға кіреді. Бас қосуда «Жас Отан вижн 2021» деп аталатын тұжырымдама қабылданады.

Атап өтейік, жиынды онлайн түрде өтіп жатыр. Оны әлемнің бірнеше еліндегі жастар да тамашалауға мүмкіндік алды.

Мәди Ахметов, сьезд делегаты:

- «Жас Отан» Жастар қанатының кезекті съезі әрбір 4 жылда өткізіліп отырады. Биыл «Жас Отанның» құрылғанына 10 жыл толып отыр. Съездің VR-форматта өткізілуіне байланысты оны бүкіл әлем жастары көре алады.

back to top