Хабар 24
LIVELIVE

Елорданы Сарыарқа төсіне көшіру геосаяси тұрғыдан сауатты шешім болды

  • 338
  • Media
Елорданы Сарыарқа төсіне көшіру геосаяси тұрғыдан сауатты шешім болды

Биыл елімізде ең маңызды шаралардың бірі Елорданың 20 жылдық мерейтойы. Астана осы жылдары миллион тұрғыны бар, сәйкесінше инфрақұрылымы еселенген, назарын өзіне аудартатын маңызды оқиғалар өтетін, әлемге танымал шаһарға айналды.

«Ал осынау сәулетті қаланы салуға әрбір қазақстандық еңбек сіңірді», - деді Астананы дамыту мәселелері бойынша жиынға қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Бас қаланың мәртебесіне байланысты оның жеке заңы болуы заман талабы. Әсіресе Астананы көркейту бағытында бұл өте қажет. Осы тұста қала әкімі Әсет Исекешев Мемлекет басшысына бас шаһарды дамыту жөнінде есеп берді. Келелі кеңесте тағы қандай мәселер көтерілді?  

Әсем Қабылбек, тілші:

- Осыдан тура 20 жыл бұрын қутақыр жерде тұтас шаһардың тұрғызылатынына ешкім сенген жоқ. Арада ондаған жылдар өткенде елорданы Сарыарқа төсіне көшіру тек мемлекеттің дамуы үшін емес, геосаяси тұрғыдан да сауатты шешім болғанын уақыт көрсетті. Бүгінде елордалықтардың саны 1 млн асты. Ал жақында қалада төртінші аудан, яғни Байқоңыр ауданы құрылды. Бұл қала басшылығына жаңа міндеттер жүктеп отыр. Себебі халықты инфроқұрылыммен қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе Президенттің де басты назарында. 

Астана халқының саны өскен сайын құрылыс саласы қарқынды дамып келеді. Жаңа ауданды дамыту - кезек күттірмейтін іс. Елорданы одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі мәжіліс. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет мүшелерінен бастап, бас шаһарға жауапты атқамінерлерді түгелдей жинап кеңесті. Биыл Елорданың 20 жылдығы. Айтулы датаны атап өтуге қатысты дайындық басталып кетті. Қаланың сол жақ шеткі бөлігінен орын тепкен Байқоңыр ауданы. Жақында құжат бойынша бекітілді. Жалпы аумағы 18 129 гектарды алып жатыр. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Осы күні қалада 4 аудан құрдық. Елорда – жалынды жастардың қаласы. Қазір қала тұрғынының орта жасы 30-да. Үшіншіден, Астана заманауи үздік технология мен тәжірибені енгізіп отыр. Мұнда әлемге танымал сәулетшілер өзінің үздік жобаларын жүзеге асырды. Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Халықаралық Астана қаржы орталығы құрылды, өздеріңіз білесіздер. Ол еліміздегі әлемдік қаржы жүйесіне бастайтын көпір болып саналады.

20 жыл ішінде біздің бас қаламыз әлем астаналарымен теңесер батыл қадамдар жасады. Арқа төсінде әлемдік маңызы бар саяси шешімдер қабылданды. Астана ел қазынасына қомақты қаржы құйып отырған донор қалаға айналды. Қазақстанда донор 3 аймақ болса, соның бірі Астана.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- 20 жыл ішінде қаланың жалпы өңірлік өнімі 4 еседен ұлғайды. Астана инвестиция тарту жөнінде көшбасшылардың бірі болды. 6,5 трлн теңгені Үкіметтің бюджетіне қайтадан салу деген мемлекеттен шыққан қаланы салудың өнімінің барлығын қайтарды деген сөз. Астана 20 жыл ішінде 8 трлн теңге немесе 50 млн доллар ақшаны салды. Бұл Қазақстанға келген 11 процент барлық инвестицияның 11 проценті. Шағын және орта бизнес өндірісінің жалпы үлесі 57 проценттен асты. Осы секторда жұмыс істейтіндердің үлесі 60 проценттен көп. Бүкіл Қазақстан бойынша алдымызға қойған мақсатымыз осындай. Кәсіпорындар шағын және орта бизнес өнімнің бестен бір бөлігін шығарады. Бұл қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға ең үлкен әсер етіп отыр.

Астананың 20 жылдығы барша отандасымыздың ортақ қуанышы. Бірақ Президент ас та төк шығын шығармай, «мерейлі датаны мән-мағыналы етіңдер» деп тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Ключевой вопрос, который мы обсуждаем 20-летие. Мы все праздники очень любим. Қазақтар той десе барлығын, ішкен асын жерге қойып жүгіретін халықпыз ғой. Поэтому не шумовые эффекты создавать. Вот я знаю, что все области хотят принять участие, все это должно быть в одном русле и солидно использовать эту возможность. Особенно нажимать на области тоже не надо, но кто что может для столицы сделать, пусть делает. Но это чтоб было с толком. Не просто какой-то памятник построить там или чего-то. Вот для города, улицы, скверы, парки, объекты какие-то. Уже может все собрать всех и школы нам построить. В общем серьезно надо подойти.

Елорда - ұлтты ұйытып, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын жаңашыл орта. Өңірдегі барша жастың арманы. Барлығы бас қалаға қарап бой түзеп, білім қуып келеді. Қала әкімі Әсет Исекешев студенттерді жатақханамен қамтамасыз етуге қатысты өз жобасын ұсынды. 

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Жатақханаға мұқтаж Астанадағы студенттердің саны 10 мыңға жуық. Бұл тек 4 негізгі жоғарғы оқу орындарының тәлімгерлері. Бүгінде біз жатақханалардың құрылысы үшін жалпы аумағы он жарым гектарды құрайтын 10 жер учаскесін анықтап қойдық. Бұдан бөлек студенттерді мейманханаларға орналастыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда қалада 100-ден астам жұлдызсыз қонақүйлер мен хостелдер бар. Олар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында студенттерге қызмет көрсете алады. Бұл мемлекет ақшасы мен уақытты үнемдейді.

Елордалықтар үшін жағымды жаңалық. Келер жылдың күзінде көгілдір отын келеді. 

Әсет Исекешев, қала әкімі:

- Қазіргі таңда қала әкімдігі Энергетика министрлігі және «ҚазТрансГаз» компаниясымен бірге жол картасын әзірледі. Бірінші кезеңде 2020 жылға қарай барлық үш жылу электр орталығын, түтінге тұмшаланған Оңтүстік-Шығыс пен Көктал-1, Көктал-2 шағын аудандарын газға көшіріп, осылайша зиянды заттардың ауаға шығарылуын 30 пайызға азайтамыз.

Астана – бизнес бастаймын деушілерге нағыз қолайлы мекен. Әсіресе шағын және орта кәсіппен айналысатындар арасында бәсеке жоғары.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Недостатки еще есть. Первое, что бросается в глаза - это участки, мы говорим о малом и среднем бизнесе. Участки для торговых объектов в городе жалуются, говорят получить невозможно. Например, летние места у реки. Получить место так забаррикадировано. Говорят планы принеси, эскизы принеси. Бизнес-план принеси. Ходят люди, лето приближается никто летние места не дает. Кто этим занимается?

Қала әкімінің орынбасарлары, сұраныс көп болғандықтан тиісті орындар барлығына бірдей жетпейтінін жеткізді. Президент қаладағы тұрғызылған әр нысан халықтың игілігіне жұмыс істеу қажеттігін тағы ескертті. Ғимараттар қаңырап бос тұрмауы керек.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Үкімет басшысының маған берген мәліметін қарап шықтым. Қалай пайдалану керек ЭКСПО-дағы ғимараттарды. Барлығы бөлінді. Не істейтінін білеміз. Қаржы орталығына не беріледі? Көрмеге не беріледі? АйТи университетке не беріледі? Барлығы белгілі. Тағы да ол жерде театр бар екен, Әсет. Кроме вот этого Конгресс холла там театр есть, ты знаешь? 

Елорда аумағы көбейіп, халық саны көбейген сайын азық-түлікке сұраныс артып келеді. Бас қала үшін ғана емес, өзге өңірлер үшін де өзекті мәселе. Қазақстанның аграрлы ел бола тұрып, азық-түлікті сырттан тасымалдауы үлкен сын деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Настоящее независимое государство - это, та страна, которая обеспечивает себя всеми видами сельхозпродукции, продовольствием. Біз енді ауылшаруашылық елміз ғой. Я много раз говорил, Ерболат, экономику тебе тоже нужно учесть. Мы еще много завозим различных продуктов. Мясо производим, колбасу завозим. Овощи-фрукты с юга не тащим, завозим. Мы все завозим продовольствие, то что у нас есть. Вот вам вдвоем домашнее задание, еще раз, я понимаю, сто процентов - пока трудно, но все наше развитие, ет өндіру, сүт өндіру, құс өндіру - барлығы алдымен ішімізде, өзімізде тамақтандыруды ойлануымыз керек. Егер де бірдеңе болып қалса, сырттан келетін тамақты ешкім әкелмесе, не істейміз отырып, мына жерде? Барлығы бар ішімізде.

Енді елордада көлік тұрақтарының құрылысы қарқынды жүргізіледі. Әсет Исекешовтің айтуынша, қала әкімдігі жанынан екі мың орындық тұрақ бой көтермек. Сондай-ақ сауда орталықтарындағы қауіпсіздікке баса көңіл бөлініп, балаларға арналған ойын алаңдары тек бірінші қабатта орналасатын болады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Парковки это у нас давным-давно. Нуржол бульвар полный, возле Дома Правительства и перед самым акиматом. О чем это говорит? У тебя перед глазами, в окно посмотришь - полный бардак.

Әсет Исекешов, Астана әкімі:

- Биыл әкімдік алдында 2 мың орындық жерасты көлік тұрағын салмақшымыз. Бұған дейін Нұржол бульварында ақылы автотұрақ іске қосылды. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Вообще в целом по городу нам надо что-то делать с этими парковками. Везде новых застройщиков заставлять строить обязательно парковки. Есть города намного больше, чем Астана. Это не просто дело парковок. Из-за таких парковок ни машины скорой помощи, ни пожарные не могут подъехать к зданиям. Из событий в Кемерово всем нам нужно сделать самые серьезные выводы. У нас по моему поручению проверяется да, все вокруг? У нас пока красный петух не клюнет у нас ничего не делается. Везде должны быть проверки. Смотрите среди белого дня сколько погибло людей. Ужас. Детей погибло. Почему эти детские площадки надо ставить на самом верхнем этаже, а не внизу. Там торговля может быть на верху. Детские площадки внизу должны быть. В будущем надо ставить такую задачу для мегапроектов.

Астананың 20 жылдығына арналған шаралар мамырдан бастап ұйымдастырылады. 700-ге жуық мәдени-спорттық шара өтеді. Тәуелсіздіктің символына айналған Астананың мерейтойын жоғары деңгейде өткізу баршамызға сын.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Елордамыздың 20 жасқа толған мерекесін бәріміз жабылып, жақсылап атап өту керекпіз. Ол елдің қуанышы, Қазақстанның қуанышы, достарымыз қуанатын, қастарымыз күйінетін мәселе. Соның бәрін жоспар жасап алу үшін, бүгін біз кездесіп отырмыз. Қаланы қалай салып, қалай көтергеніміз бәріміздің есімізде. Суыққа да, ыстыққа да қарамастан елорданы салуға, дамытуға әр түпкірден келді Қазақстанның барлық өңірлері атсалысты. Бүгінде бүкіл дүние жүзі қызығып тамсанады. Әлемдік стандартқа сай заманауи қала салдық.

Жалпы кез келген шаһар жаңарып және дамып отырады. Халық саны өскен сайын тұрғын үйге, мектеп, балабақша, аурухана, тіпті азық-түлікке дейін сұраныс артып отырады. Сондықтан Президент Мәжілісте айтылған мәселелелерді заң жүзінде құжатпен бекітуді ұсынды. Ол қаланың төлқұжаты болуы тиіс.

Әсем Қабылбек, Ержан Қанапия, Айдос Меделбеков

back to top