Хабар 24
LIVELIVE

Православ христиандары Пасха мейрамын тойлап жатыр

  • 265
Православ христиандары Пасха мейрамын тойлап жатыр Фото: goodfon.ru

Бүгін православ христиандары Пасха мейрамын тойлап жатыр. Пасха – Иса мәсіхтің қайта жандану құрметіне арнап белгіленген христиандардың көне әрі маңызды мейрамы.

Бұл күні православ сеніміндегілер шіркеуге барып, туған-туыстары мен жақындары үшін құдайға сыйынады. Сенбіден жексенбіге қараған түні Астанадағы шіркеуде діни мерекеге арналған мінәжат ету рәсімі өтті. Христиан дінінің түрлі конфессиялары болғандықтан Пасха мерекесінің күнтізбесі жыл сайын ауысып отырады. Биыл Христостың қайта өмірге келу мейрамы сәуірдің 8-іне келді. Қазіргі күнтізбе бойынша Пасха уақыты жылда айдың әр жексенбісінде тойланады. Адамдар бұл күні құдайдан кешірім сұрап, алдағы күннен жақсылық, игілік күтеді.

Геннадий, Астана шіркеу-әкімшілігінің өкілі, Қаскелең епископы:

– Барлық православтарды, Қазақстандық христиандарды біздің ең басты мерекеміз – Иса мәсіхтің қайта жандануымен құттықтаймын. От пен жарық Пасханың басты нышаны. Қасиетті от Иерусалимнен ұшақ арқылы әлемнің әр түкпіріндегі православтарға жеткізіледі. Ол от біздің бойымызды жылытып, жарық жолымызды ашады. Құдайдың еркімен өмір сүруге үйретеді.

back to top