Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады

  • 194
  • Media
Елбасы халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдады Фото: akorda.kz

Бүгінде кино ұлттық сана-сезім мен төл мәдениетімізді бейнелейтін негізгі құралдың біріне айналды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновты қабылдау барысында айтты.

Кездесуде Елбасы Досхан Жолжақсыновтың отандық кинематография және театр өнерін дамытуға сіңірген еңбегін ерекше атап өтіп, киноиндустрияның маңыздылығына тоқталды. Ал Жолжақсынов өз кезегінде Президентке Қазақстан кинематографиясына ерекше қолдау білдіріп отырғаны үшін алғыс айтып, «өнердің осы түрі арқылы жұртшылық санасына рухани жаңғырудың негізгі идеяларын сіңіруге тырыстық» деп атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еліміздің мәдениетіне елеулі еңбек сіңіріп келесің осы жылдар ішінде. Кейінгі кездері кинодан көп көрініп отырсың. Жастар театрын басқарып жүрсің, бірнеше жылдан бері. Белгілі қайраткерсің, 200-ден астам образ жасапсың. Соның барлығы халқымыздың мәдениетіне, рухани жаңғыруға мен айтып отырған үлкен-үлкен елеулі үлестер болып саналады. Сол үшін өз ризашылығымды білдіремін. Әдейі қабылдап отырмын. Өнерде, әсіресе кинода қандай мәселелер бар, кемшіліктер бар. Кино деген қазір өте керекті негізгі саланың бірі болды ғой.

Досхан Жолжақсынов, ҚР халық әртісі:

- Өзіңіздің қолдауыңызбен сәл бір тізерлеп қалған кино индустриясы үлкен бір өзінің орнын тапқандай. Негізгі арнасын тапқандай. Ол енді ұлттық дүниеміз бола ма, бүгінгі күннің проблемаларынан бола ма, қалай болғанда да өзіңіздің қолдауыңызбен кино кәдімгідей бүгінде есін жиып, өзіңіз білесіз «Көшпенділермен» басталды. Көшпенділерге қаншалықты сын тағылса да бұл негізгі осындай елдің бар екендігін, осындай ұлы көшпенділердің сарқыны бар екенін әлемге паш етті. Одан кейінгі кино «Жаужүрек мың бала», «Алмас қылыш».  Енді өзімнің түсіруімдегі «Біржан сал» мен «Құнанбай» да тікелей қамқорлығыңыздың арқасында.

back to top