Хабар 24
LIVELIVE

«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»: аударылған кітаптар алдағы оқу жылынан бастап білім беру жүйесіне енгізіледі

  • 503
  • Media
«Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»: аударылған кітаптар алдағы оқу жылынан бастап білім беру жүйесіне енгізіледі Abai.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы отандық жоғары оқу орындарын дүниежүзінің ең озық тәжірибесімен таныстырып, оны әлемдегі маңдайалды университеттер деңгейіне шығаруға жол ашатынын айтты.

Алқалы жиында Мемлекет басшысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы арқылы іске асырылып жатқан қоғамдық сананы өзгерту ісінің тірегі жаңа мазмұнға сүйенетін білім беру жүйесі екеніне де ерекше тоқталды. Президент жоба аясында атқарылған жұмыстарды оң бағалап, Үкіметке алда атқарылар шараларға қатысты нақты тапсырмалар берді.

Айта кетейік, оқу құралдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарының нәтижесінде мемлекеттік тіл қоры 3 мың жаңа терминмен және ұғыммен толықтырылды. Бұл 18 кітап жаңа оқу жылының бағдарламасына енгізіледі. Сонымен қатар 2018 жылы тағы 30 кітап қазақ тіліне аударылады.

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

- 2018 жылға бекітілетін 30 кітапты сапалы аударып, басып шығару керек. Аудармашыларға жұмыс әлі толып жатыр. Оған қаржы уақтылы бөлінуі тиіс. Одан кейінгі жылдарда қолға алынатын оқулықтар дер кезінде іріктеліп, сарапталынуы қажет. Екінші, бұл оқулықтарды білім жүйесіне тиімді енгізу ең маңызды міндет болады. Жастар оларды оқи бастауы қажет. Алдағы оқу жылынан бастап осы оқулықтармен оқытылатын пәндер білім беру бағдарламасына енгізілсін. Үшінші, қолданысқа енген терминдерді жинақтап, гуманитарлық экономикалық лексиканың түсіндірме сөздігін шығаруды көздеймін. Төртінші, оқулықтарды кәдімгі кітап түрінде шығару керек, сонымен бірге біз цифрлық негізде онлайн білім беруді дамытуға тиіспіз. Қазақстанның ашық университеті жан-жақты қолдауға ие болуы керек. Оқулықтардың негізінде дайындалатын ашық лекциялар видеотекасының сапасына баса мән беріп қадағалайық. Бесінші, «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектебін дамыту үшін аса маңызды. Ол әлде де болашақта керек болады. Сондықтан аудармалар аясындағы тәжірибе кәсіби дағдыларды жүйелеп, дамыта түсуі қажет. Сондықтан еліміздің мәртебесі биік, болашағы жарқын болсын! Іске сәт, рақмет!

back to top