Хабар 24
LIVELIVE

Елбасы: Жас ұрпақ ең үздік ғылыми стандартқа сай білім алуы тиіс

  • 271
Елбасы: Жас ұрпақ ең үздік ғылыми стандартқа сай білім алуы тиіс inform.kz

Астанада «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында аударылған кітаптардың таныстырылымы өтіп жатыр.

Оған Елбасы қатысуда. Жиын барысында сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев бұл бастаманың маңыздылығы жайлы сөз қозғады.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті:

- «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының орны ерекше деп санаймын. Жас ұрпақ ең үздік ғылыми стандартқа сай білім алуы тиіс. Сондықтан біз ең таңдаулы оқулықтардың 800 кітаптан тұратын үлкен тізімін дайындадық. Ұлттық аударма бюросы құрылып, іске кірісті. Бұл жобаға қаншама аудармашылар мен ғалымдар атсалысты. Бүгінгі таңда 70 мың қазақтың балалары әлемнің жоғары оқу орындарында білім алуда. Олар еліне келіп, қызмет жасайды. Бітіріп келгендері Қазақстанда әр сала бойынша жұмыс жасап жатыр.

Елбасы сөз соңында Үкімет пен Білім және ғылым министрлігіне бірқатар тапсырма берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Президенті:

– Оқулықтардың негізінде дайындалатын ашық лекциялар видеотекасының сапасына баса мән беру керек. «100 жаңа оқулық» жобасы ғылыми аударма мектебін дамыту үшін аса маңызды. Бұл әлі де болашақта бізге керек болады. Сондықтан аудармалар аясындағы тәжірибе, білік, кәсіби дағдыларды жүйелеп, дамыта түсу қажет. Осының бәрін сапалы іске асыруға Білім және ғылым министрлігі жауапты, ал жалпы жұмысты үйлестіруді Үкіметке тапсырамын.

back to top