Хабар 24
LIVELIVE

Алматылық жас ғалым электр энергиясын үнемдеу әдісімен айналысып жүр

  • 318
  • Media
Алматылық жас ғалым электр энергиясын үнемдеу әдісімен айналысып жүр

Электр жарығын қалай арзандатуға болады? Бұл сұрақтың жауабын Алматының жас ғалымдары біледі. Себебі олар бұл мақсатта түрлі жобаларды қолға алып, қарқынды түрде қолданысқа енгізіп жүр. Ал қаражат жеке компаниялардың гранттары негізінде бөлінуде.

«Бірақ бұл істе қаржыландыру мәселесі бір жолға қойылмаған», -дейді жас ғалымдар. Десе де, Мемлекет басшысының биылғы жолдауында бұл мәселе де кеңінен қамтылған. 

Жас ғалым Айбек Мұрат қазір электр энергиясын тасымалдауға арналған шунтты реактор жасау жобасымен айналысып жатыр. Бұл электр желілерінің өткізу қабілетін көбейтіп, сенімділігін арттырады», - дейді жас ғалым. Бірегей жоба өндіріске енгізілсе, еліміздің оңтүстігіндегі электр жетіспеушілігі мәселесін шешуге болады. Шунтты реакторды шығаруға Кентау трансформатор зауытының грантын жеңіп алыпты.

Айбек Мұрат, жас ғалым:

- Оңтүстікте жетпей жатқан электр энергияны қамтамасыз ету. Өйткені солтүстікте бізде электр энергия көздері көп. Екібастұз, Қарағанды cу электр станциясы. Сондықтан электр энергия өте арзан. Сондықтан бізге экономика жағынан қарағанда солтүстіктен оңтүстікке электр энергияны жеткізу маңызды.

Алматыдағы көшелерді жарықтандыруға қойылған датчиктер жас ғалымдардың енгізген жаңалығы. Құрылғылар табиғи жарық түскенде электр жарығының автоматты түрде сөнуін қамтамасыз етеді.

Махмұт Томанов, ҚР Тұңғыш Президент қоры жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы:

- Ғылыми жобалар бұрынғыдай қағаз күйінде қалмау керек. Оларды әр азамат қолданатындай күнделікті өмірге енгізу керек. Мәселен, «Смарт қала» жобасы аясында Алматыда бірнеше жобалар жүзеге асырылды.

Ақпараттық технологияларды игеруде білімді жастарға жол ашық.  Бүгінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының жанындағы Жас ғалымдар кеңесінде ғалымдар 18 бағыт бойынша үздік жобалармен айналысуда. 

Авторлары: Гүлжан Көленқызы, Нұрдәулет Жақсыбаев

back to top