Хабар 24
LIVELIVE

Шымкенттегі білім көрмесінде шетелде оқудың жолдары талқыға түсті

  • 237
  • Media
Шымкенттегі білім көрмесінде шетелде оқудың жолдары талқыға түсті

Қазақстанның азаматтары енді шетелде көбірек грантпен білім алатын болады. Бұл туралы Шымкентте өткен халықаралық білім көрмесінде айтылды.

Мысалы, Франция 100, ал Венгрия 200 білім грантын бөлетін болды. Ал Санкт-Петербург университеті біздің 2000-ға жуық тәлімгерді оқытуға ынта білдіріпті. Шымкентте өткен білім көрмесінде оңтүстік қазақстандықтардың шетелде оқуға ынтасы аз екенін мамандар статистикалық мәліметтерге сүйеніп келтірді. Көрме кезінде екі жақтың дипломын мойындау, бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімдер жасалды. Бұл көрменің Шымкентте өту себебі де бар.

Жанболат Мелдешов, ҚР БҒМ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті: 

- Стастикалық түрде 85 пайызы шетелде оқитындардың Алматы мен Астанадан шыққан азаматтар. ОҚО өте аз. Себебі шетелде оқудың жүйесін біле бермейді. Шет тілді де білмейді.

back to top