Хабар 24
LIVELIVE

Елімізде атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану оң нәтиже берді

  • 289
  • Media
Елімізде атом қуатын бейбіт мақсатта қолдану оң нәтиже берді

Атом қуатын медицина мен ауыл шаруашылығы салаларында қолдану тәжірибесі оң нәтиже көрсете бастады.

Түрлі химиялық жолмен өңдеуге қарағанда радиациялық технологияларды пайдалану өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігін анағұрлым арттырады. Бұл туралы Өскеменде өткен арнайы семинарда айтылды. Жиын Қазақстан мен Ресей арасында жасалған келісім негізінде ұйымдастырылды. Елбасы БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында адамзатты жаппай қырып жою қаруын таратпауға шақырған болатын. Бүгінде атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөнінде мамандар даярлау ісі қолға алынды.

Төлеухан Қаныбек, «Қазатом өнеркәсіп» ҰАК» АҚ менеджері: 

- Бізге ең бастысы: қазір атом өнеркәсібін дамыту, АЭС салу, реактторлар экономикасын көтеру тақырыптары, уран қалдықтарын дезактивация ету. Мамандар тапшылығы байқалады.

back to top