Хабар 24
LIVELIVE

Павлодарда «Ақылды мектеп» жобасы қолға алынды

  • 239
Павлодарда «Ақылды мектеп» жобасы қолға алынды

Ертіс өңіріндегі «Жас дарын» мамандандырылған мектебінде оқушылар базасына енгізілген ақылды құрылғы жұмыс істей бастады.

Озық жүйенің биометриялық деректерді анықтау қабілеті 98 пайызды құрайды. Павлодарлық білім ордасы оны бір ай мерзімге сынақ ретінде қолданып көрмек. Бейнекамера арқылы тану қолданыстағы карточкалық жүйеден едәуір жылдам жұмыс істейді. Сондай-ақ дәл осындай ақылды құрылғылардың асхана мен кітапханаға арналған түрлері де бар екен. «Цифрлық технологияның балалар қауіпсіздігі мен үлгерімі үшін де маңызы орасан», дейді жоба авторлары.

Бауыржан Мұқаев, «Техноэкспо» компаниясының өкілі:

- Қазақстанда, осы Павлодар қаласында біз бірінші рет бет-әлпетті тану жүйесін қойып жатырмыз. Мектепке оқушылар кірген кезде, оқушылардың бет-әлпетіне қарап, бұрынғы базаға сәйкестендіреді, сонан соң турникет ашылады. Сол ашылғаннан кейін оқушы мектеп сыныптарына кіре алады.

Гүлназы Қожагелдинова, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп директорының міндетін атқарушы: 

- «Цифрлы Қазақстан» бойынша құрылып жатқан құрылғы біз үшін өте тиімді деп ойлаймын. Біріншіден, бұл – оқушылардың қауіпсіздігі. Екіншіден, бұл оқушылардың келу-келмеуін қадағалау, бақылау болып табылады. 

back to top