Хабар 24
LIVELIVE

ШҚО-да мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыруды жалғастырады

  • 137
  • Media
ШҚО-да мектеп мұғалімдері біліктілікті арттыруды жалғастырады

Елбасы биылғы халыққа Жолдауында орта білім саласында жаңартылған мазмұнға терең мән берді.

Президент жаңа бағдарламалар және оқулықтармен жұмыс істейтін кадрлардың дайындығы, мұғалімдер біліктілігін арттыру мәселелері ерекше назарда екенін айтты. Осы ретте Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында өткен жылы 232 мұғалім біліктіліктерін арттырған. Оның ішінде 25 ұстаз физика, химия, биология, информатика сияқты жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша арнайы курстардан өтті. Биыл да осы бағыттағы жұмыстар жалғаспақшы. Біліктілігін арттырған ұстаздардың еңбекақысы да 30 пайызға өсетін болады.

Нұрғали Әзімбаев, Аягөз аудандық білім бөлімінің жетекшісі: 

- Жолдауға байланысты Елбасымыздың 2020 жылдан бастап, негізгі пәндерді жаратылыстану пәндерін ағылшынша оқыту бойынша мұғалімдер егер де осы пәндерді қосымша ағылшынша беретін болса, еңбекақыларына үстеме төленетінін біледі. Осыған байланысты өздерінің ынталары бар, бұл бағытта жұмыстар ары қарай жалғасады.

back to top