Хабар 24
LIVELIVE

Енді балдырғандар 0-сыныпқа тек 2020 жылдан бастап барады

  • 2324
  • Media
<span class=favorites>Енді балдырғандар 0-сыныпқа тек 2020 жылдан бастап барады</span>

Әлемде 138 елдің ішінен бастауыш сыныпты біліммен қамту бойынша Қазақстан төртінші орынға шықты.

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеді. Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы алқа отырысында тағы бір пысықталды. Елімізде білім саласында көптеген параметр бойынша өсу байқалады. Мәселен, былтыр 900-ге жуық балабақша ашылған. Осылайша мектепке дейінгі біліммен қамту 90 пайызға жетті. 4 мыңнан астам мектепке электронды күнделік енгізіліп, оны қазір 3 млн-нан астам оқушы қолданып отыр. Білім берудегі тағы бір өзгеріс нөлінші сыныпты енгізу – бағдарламасының кейінге шегерілуі. Енді балдырғандар нөлінші сыныпқа тек 2020 жылдан бастап барады. Мемлекет латын қарпіне көшетіндіктен 400 мыңға жуық балаға оқулық жаңа әліпбимен басылып шықпақ. Жиында сондай-ақ ұстаздар жалақысы да сөз болды.

Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:

– Жаңартылған мазмұнға ауысқан мұғалімдердің жалақысына 30 пайызға қосымша ақы қаңтар айынан төлене бастады. Барлығы осы жылы 200 мыңнан астам, 70 пайыз мұғалім алатын болады. 10, 11-сыныптарда 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол – оқулықтарды методикалық кешенді дайындау, экспертиза жасау және апробациялау және мұғалімдердің дайындығын арттыру.

back to top