Хабар 24
LIVELIVE

Алматы облысында үш ауысымды мектептер азайып келеді

  • 317
  • Media
Алматы облысында үш ауысымды мектептер азайып келеді

Алматы облысының Қарасай ауданында үш ауысымда бала оқытатын мектептердің саны азайып келеді.

Екі жыл бұрын бұл өңірдегі мұндай білім ошақтарының саны 13 болатын. Өткен жылы ауданда 7 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Соның арқасында 6 жарым мың оқушының сапалы білім алуына жол ашылды. Қарасай ауданында 50 мыңнан астам оқушы бар. Олар 53 мектепте білім алып жатыр. Биылғы оқу жылында 5 мың бала мектеп табалдырығын аттады. «Үш ауысымды түбегейлі жою үшін арнайы жоспар жасадық», – дейді аудан басшылары.

Махаббат Бигелдиев, Қарасай ауданының әкімі:

- Биыл Қаскелең қаласында Керімбеков мектебіне, Абай ауылында Абай орта мектебіне жапсаржай құрылысы салынады. Үштерек, Алмалыбақ, Шамалған бекетінде Толстой мектебіне қосымша 600 орындық жапсаржай салу үшін облыстық бюджеттен жобалық-сметалық құжаттарына қаражат бөлінді. Күнбе-күн өз кезегімен осы үш ауысымды мектептерді жою мәселесі шешіліп жатыр.

back to top