Хабар 24
LIVELIVE

Еліміздегі мектептерге «25 ән, 25 кітап» атты тың жоба енгізілді

  • 660
  • Media
Еліміздегі мектептерге «25 ән, 25 кітап» атты тың жоба енгізілді

Еліміздегі орта мектептерге «25 ән, 25 кітап» атты тың жоба енгізіліп жатыр. Алматыдағы №86 гимназиядан басталған ұлттық жоба аясында конкурс ұйымдастырылған.

Ғаламтор арқылы жүргізілген сайысқа Республика бойынша 107 мектеп қатысқан. Әр мектептің қатысушылары 25 кітапты оқып, сол туралы эссе жазған. Байқауда олардың жиырмасының жұмысы үздік деп танылып, арнайы дипломмен марапатталды. Жобаның басты мақсаты оқушыларға мектеп бітіргенше 25 ән үйретіп, 25 кітапты оқыту.

Айта кетейік, жоба Назарбаев зияткерлік мектебінің «100 ән, 100 кітап» жобасы аясында іске асырылған.

Қалдықыз Мусаева, Алматы қаласы №86 мектеп-гимназиясының директоры:

- Біз «25 ән, 25 кітап» деп енгіздік. Сол жоба қазір Республиканың түкпір-түкпірінде жалғасын табуда. Енді біздің негізгі мақсатымызға сай балаларымыз қазіргі уақытта жаһандану заманында қазақтың кітаптарын, рухани байлығын арттыру үшін оқу мақсатында және оларды осы өзіміздің халық әндерінің мәтінін ұмытпау, келесі ұрпаққа жалғастыру мақсатында осы жобаны енгізген болатынбыз.

back to top