Хабар 24
LIVELIVE

Елімізде 3,6 және 8-сынып оқулықтары толық жаңартылады

  • 326
  • Media
Елімізде 3,6 және 8-сынып оқулықтары толық жаңартылады

Елімізде үшінші, алтыншы және сегізінші сынып пәндері толықтай жаңартылады. Сөйтіп, келер жылдан бастап, жаңа оқулықтар қолданысқа енгізілуі тиіс.

Бұл туралы бүгін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, осы күндері елордада пәндік комиссиялар отырысы өтіп жатыр. Жетекші педагогтар оқу әдістемелік құралдарына сараптама жүргізіп, 7 наурызда тиісті қорытындыларын жарияламақ. Биыл 181 адамға толықтырылған комиссия құрамы бірнеше сынып оқулығын және әдістемелік құралдарын жаңартады.

«Атап айтқанда, орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту тәсілі өзгертіледі», - деді мамандар. Себебі қолданыстағы оқу әдістемесі талапқа сай емес. Оны халықаралық тәжірибеге сәйкестендіріп, балаға ұғынықты етіп жеткізу тәсілі қолданылуы қажет. Жаңартылған оқулық үлгілерімен "Оқулықтарды қоғамдық бақылау" порталы арқылы танысуға болады.

Бейбіткүл Қаринова, ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры:

- Қазақ тілі оқулығына байланысты тағы бір ерекшелік бар. Биылғы жылы бірінші рет орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі пәні бойынша лексика-граматикалық минимум әзірленіп, әр сынып бойынша сөздік минимум оқулықтардың құрамында қалыптастырылды. Бұл биылғы жылдың ерекшелігі.

back to top