Хабар 24
LIVELIVE

Ғалымқайыр Мұтанов: Білім гранттарын арттыру ата-аналарға үлкен көмек

  • 244
Ғалымқайыр Мұтанов: Білім гранттарын арттыру ата-аналарға үлкен көмек "Айқын" газеті

Елбасының әлеуметтік саладағы 5 бастамасының бірі білім гранттарын 20 мыңға арттыру тек жастар үшін емес, жалпы ата-аналар үшін, қоғам үшін жақсы жаңалық болды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры «бұл өзгеріс көптеген әлеуметтік мәселені  шешеді», – дейді. 

Ғалымқайыр Мұтанов, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры:

- Біріншіден, жақсы оқып грантқа іліне алмай қалған балаларға өте үлкен көмек. Ата-аналарға да балаларын оқытуға үлкен көмек. Айтылған жиырма мың гранттың жартысынан көбі төртінші индустриялық дамуға арналады. Сондықтан сол бағытта, Елбасы айтқандай, сапалы білім беруміз керек. Ал жастардың алдында тұрған міндет осындай жақсы мүмкіншілікті пайдаланып, жақсы маман болып, елге үлкен қызмет атқаратын азаматтар болуы керек деп ойлаймын. Бұл – шынында да елімізге деген, болашаққа деген Елбасының үлкен қамқорлығы.

back to top