Хабар 24
LIVELIVE

«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді

  • 439
«Болашақ» халықаралық стипендиясына құжаттар қабылдау және конкурс өткізу мерзімдері бекітілді

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 86 «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы» бұйрығына сәйкес «Болашақ» халықаралық стпендиясына құжаттар қабылдау 2018 жылғы 19 наурыз бен 31 тамыз аралығында іске асырылатынын және конкурстық іс-шаралар 2018 жылғы 26 наурыз бен 20 қазан аралығында өтетінін хабарлайды.

Анықтама үшін:

Қазақстандықтар үшін білім саласындағы үкіметаралық келісімшарттар негізінде шет елде тегін білім алудың мүмкіндіктері қарастырылған. Биылғы жылы түлектер үшін 10 000-ға жуық грант бөлінді. Қазіргі таңда Ресей, Қытай, Малайзия, Түркия және Польша университеттері гранттарына құжаттар қабылдау жүріп жатыр.

back to top