Хабар 24
LIVELIVE

Елімізде халықаралық стартап байқауы жарияланды

  • 291
  • Media
Елімізде халықаралық стартап байқауы жарияланды

Алматыда Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық «Финтэк-Старс» стартап жобалар байқауы жарияланды. Жобаны ұйымдастырушылар: Астана Халықаралық қаржы орталығы, швейцариялық  Saad-stars инвестициялық қоры және MOST бизнес-инкубаторы.

Байқауда электронды сауда, онлайн несиелеу және сақтандыру салаларын қамтитын старт-ап жобалар қаралады. Бұл сынға 6 отандық және 4 шетелдік компания өздерінің ұтымды жобаларын ұсынып отыр. Оларға  әлемде старт-ап жобалардың жүзеге асу жолын жақсы білетін 12 тәжірибелі  маман бағасын береді. Ал ең үздігін «Seedstars» қоры анықтайды. 

Әсел Жиенбаева, «АХҚО» АҚ Цифрлық технологиялар директоры:

- Бұлар өздерінің офистерін ашады. Бұл не деген сөз? Бұлар әрдайым үш ай ғана емес күнделікті 10 старт-ап бірінші кетеді. Екінші тағы да 10 старп ап. Бұл әрине қазақстанның, Орталық Азияның старт-аптарының  дамуына үлкен үлесін қосады. Бұл бағдарлама соңында Сит-Старс екі стартапқа 350 мың АҚШ долларындай бірінші инвестициясын жасайды.

Ал мұндай сыйақы алу үшін байқауға қатысушыларда сыртқы нарыққа бағытталған дайын қаржылық технология өнімі болуы керек. Сонымен қатар шығыны аз, табысы 1,5 миллион теңге шамасында бизнес модельдің болғаны да ескеріледі. 

Әлім Хамитов, «MOST» бизнес-инкубаторының бас директоры: 

- SitStars халықаралық нарыққа шыға алатын жобаларға инвестиция салып,қолдау көрсетуге дайын. Бұл орайда компанияның тәжірибесі мол. Мысалы, Африканың дамушы мемлекеттерінде жасалып, нарыққа  ұсынылған бизнес жобалар соған айқын мысал деп ойлаймын. Сондықтан, Қазақстандағы бұл бастамадан  кемінде 2-3 ұтымды жоба күтеміз. 

Байқауға қатысу ережесі финтех.кз сайтында жарияланған. Оның нәтижесі маусым айында Астанада белгілі болады. Жеңімпаздар қомақты қаржыға қол жеткізіп ғана қоймай, Астана халықаралық қаржы орталығының серіктес компаниялар тізіміне кіреді.  

Авторлары: Алмас Садуақас, Мұхит Құдыкбаев

back to top