Хабар 24
LIVELIVE

Еліміздің барлық мектебінде сабақтар 25 мамырда аяқталады

  • 208
Еліміздің барлық мектебінде сабақтар 25 мамырда аяқталады

Еліміздің барлық мектебінде сабақ 25 мамыр күні аяқталады.

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев бұл шешімді растайтын бұйрыққа қол қойды. Ал мамырдың 28-інде 9-сынып оқушылары қорытынды емтихандарын тапсыра бастайды. Мектеп бітіретіндер мемлекеттік емтихандарды мамырдың 29-ынан бастап тапсырады. Сондай-ақ аттестаттаудан өту кезеңі де бекітілді. Одан сүрінген оқушылар маусымның 12-сінен 30-ына дейін тестті қайта тапсыра алады.

Гүлсыйла Мұздыбекова, ҚР БҒМ департаментінің бас сарапшысы:

– 2017-2018 оқу жылын аяқтау, қорытынды аттестациялау туралы БҒМ бұйрығы бекітілді. Оған сәйкес барлық орта білім беру ұйымдарында оқу жылы 2018 жылдың 25 мамырында аяқталады.

back to top