Хабар 24
LIVELIVE

ШҚО-дағы колледждер ағылшын тілінде оқытуды бастады

  • 179
  • Media
ШҚО-дағы колледждер ағылшын тілінде оқытуды бастады

Шығыс Қазақстан облысында үштілді білім беруге арналған қанатқақты жоба қолға алынды.

Оған жергілікті  бюджеттен 1 жарым млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, кешенді үшжылдық жоспар әзірленді. Қазір Зырян ауданындағы колледждер ағылшын тілінде оқытуды бастады. Әсіресе техникалық мамандық иелеріне бұл тәжірибе кең қолданылады. Ал бірнеше тілді меңгерген оқытушыларға 30 пайыз үстемақы төленеді. Осылайша барлық жас мамандарды шет тілін үйретуге қолдау көрсетіледі. 

Юлия Снегирева, оқытушы:

- Есептеуіш техника саласында мамандық алып жатқан студенттерді ағылшын тілінде оқыту тәжірибесі нәтижесін береді деп ойлаймын. Себебі қазір ақпараттың заманы. Жастардың тіл білгендері дұрыс. Олар сұранысқа ие маман боларына сенемін.

back to top