Хабар 24
LIVELIVE

Павлодарда Мейкатон байқауы мәресіне жетті

  • 144
  • Media
Павлодарда Мейкатон байқауы мәресіне жетті

«Мейкатон» халықаралық байқауы өз жұмысын қортындылады. 3 күн бойы жас өнертапқыштар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап құрылғылар жасады.

Ерекше көзге түскендердің  бірі «сурдоаудармашы  ақылды қолғап» деп аталады. Сонымен қатар сал ауруына шалдыққандарға арналған  велосипед, зағиптар үшін   жол сілТеуші бел-діктер де әділқазылар мен келушілердің аса қызығушылығын тудырды. 

Айта кетейік, өткен жылы қарағандылық жастар инсульттан кейін арбаға таңылған мүгедек әйелге экзоскелет жасап науқасты аяғынан тік тұрғызған еді. Авторлар осы жолы эксзоскелеттің кем-кетігін түзеп, патент алуға тапсырыс берген.

Данабай Тұрсынбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық  университенінің студенті:

- Яғни құлағы естімейтін немесе туғаннан сөйлей алмайтын адамдарға арналған. Олардың өздерінің алфавиттері бар ғой қолмен жаңағы сөйлесетін. Осы қолғаптар арқылы солардың бүкіл қол қимылдары қозғалыстарын код-қа енгізуге болады және сол сөздерді мынау динамик осы арқылы дыбысын басқаларға естіртуге болады.

Төлеген Айтбаев, облыстық жастар бастамаларын қолдау орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Аяқтарына арналған, қолдарына арналған протездер және де екі үш дөңгелекті велосипедтер ұйымдастырған. Олардың барлығы электрондық датчиктермен жабдықталған. Бүгінгі шарада осы жобалардың барлығы ұсынылуда, көрсетілуде. Менің ойымша олардың көбі осы мүмкіндігі шектеулі адамдарға ертеңгі күнде көмегі тиеді.

back to top