Хабар 24
LIVELIVE

Оралдағы конференцияда жылқының генетикалық қорын сақтау мәселесі қаралды

  • 257
  • Media
Оралдағы конференцияда жылқының генетикалық қорын сақтау мәселесі қаралды

Әлемде экологиялық таза жылқы еті мен қымызға сұраныс артқан.

Бұл туралы Оралда өткен етті-сүтті бағыттағы жергілікті жылқылардың өнімділігін арттыруға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда айтылды. Асыл тұқымды жылқы шаруашылығын дамыту мәселесін талқылаған шараға Қазақстан, Ресей және Қытай елінің ғалымдары қатысты. Отандық жылқы шаруашылығындағы элиталық тұқымның генетикалық қорын қалай сақтап қалуға болады? Жергілікті Қамбар ата түлігінің басын қайтсек көбейтеміз? Ғалымдар осы сауалдарға жауап іздеді. Мамандардың пікірінше, ата кәсіп жылқы шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттің қолдауы қажет. Яғни, тұқымы асыл жылқы өсіретін шаруашылықтарды субсидиялап, салаға инновациялық технология жетістіктерін енгізіп және асыл тұқымды жылқыны таза күйінде сақтап қалуға күш салуымыз қажет-дейді ғалымдар.

Қазыбай  Бозымов, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ профессоры:

- Бір жарым екі жарым жасқа дейін өсіретін болсақ, ешқандай біздің шаруашылықтардың оған көп қызығушылығы жоқ. Өйткені олар 1,5 жастқа дейін 350 мың теңге екі жарым жасқа дейін өсіруге қожалықтарға бөлінетін болса, ал енді сатқандағы бағасы 120-300 мың. Яғни бұл арада ешқандай өндіріске пайдалы емес. Сондықтан айғырларға, биелерге субсидия бөлінуі керек. 

Ғымынгүл Мұқатайқызы, ҚХР Тарын университетінің профессоры:

- Өнімді жылқы шаруашылығында Қазақстан бүкіл халықаралық жылқы шаруашылығында бірінші орында тұрады. Біздің елде солай деп ойлаймыз. Мұнда көптеген жақсы тұқымдар бар, мұғалжар, көшім, қазақы жылқысы дегендер, мұның бәрі өнімді жылқы шуарышылығының жақсы сұраптары. Біздің елде өзіміздің жылқыларды сұраптау үшін біз сіздерден тұқым кіргізуді ойлаймыз.

back to top