Хабар 24
LIVELIVE

Ауа райының қолайсыздықтарына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды

  • 254
Ауа райының қолайсыздықтарына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды Фото: 56orb

26 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей жерлерде қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлады.

Оңтүстік-батыстан екпіні 30 м/с-тен астам жел соғады деп күтіледі.

Өскеменде 26 наурыз күні жауын-шашын (жаңбыр) болып, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан екпіні 25 м/с-ке жететін жел соғады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90 %

27-29 наурыз аралығында Сырдария өзенінде (Қызылорда облысы) күтілетін жауын-шашын мен оң мәнді ауа температурасының сақталуына байланысты мұз кептелісі, су деңгейлерінің көтерілуі, су тасу мен жайылмалық ауданға судың шығуы күтіледі.

26-28 наурыз аралығында Оңтүстік Қазақстан облысында оң мәнді ауа температурасының сақталуы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты кейбір таулы өзендерде су деңгейінің көтерілуі мен жайылымына шығуы мүмкін.

27-28 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысында оң мәнді ауа температурасы мен жауын-шашынның түсуіне байланысты су деңгейі көтерілуінің жалғасуы, бүйірлік және жергілікті ағынның қалыптасуы, су тасу мен жайылмалық ауданға судың шығуы күтіледі.

back to top